Қаз Рус Eng
Бас бет Компания туралы Басқару Жобалар Қызмет Сертификаттар және Лицензиялар Байланыстар
  • Икемді саясат пен кез-келген жағдайда тез әрекет ету – біздің ұстанымыз
  • Икемді саясат пен кез-келген жағдайда тез әрекет ету – біздің ұстанымыз
  • Өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің барлық тілектері мен үміттерін қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді
  • Өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің барлық тілектері мен үміттерін қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді
  • Икемді саясат пен кез-келген жағдайда тез әрекет ету – біздің ұстанымыз
  • Өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің барлық тілектері мен үміттерін қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді
Компания туралы


«MG Engineering инженерлік фирмасы» ЖШС мұнай-газ және құрылыс салаларында ұзақ уақыт жұмыс істеген мамандар тобының бастамасымен 2002 ж. тамыз айында құрылды. 2013 ж. желтоқсан айына дейін компания «Мұнай Графика» деген атаумен белгілі болды, бірақ қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін атауы өзгертіліп, кәсіби қызметінің негізгі бағытын бейнелейтін жаңа атаумен жұмысын жалғастырды.

«MG Engineering инженерлік фирмасы» инженерлік-техникалық талдамалар мен жобалау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен құрамдау, мұнай-газ құрылыстары мен кәсіпорындарының құрылыс өндірісін басқару саласында маманданады.

Негізгі мақсаты – тапсырыс берушінің барлық талаптарын қамтамасыз ететін және қанағаттандыратын инженерлік қызметтер кешенін сапалы түрде орындау (барынша қысқа және кепілдік етілген мерзім ішінде).

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін «MG Engineering инженерлік фирмасы» ЖШС-ның қалыптасқан әлеуеті бар. Өз жұмысымызда біз барлық қол жетерлік мүмкіндіктер мен құралдарды пайдаланамыз, соның ішінде:

  • жаңа технологияларды қолдану;
  • қолданыстағы, сертификатталған сапаны басқару жүйесі;
  • қызметерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін әрдайым көтеріп отыру;
  • инновациялық тәсілдер мен заманауи техникалық шешімдер;
  • жобалауды тиімді басқару;
  • бұрынғы жүзеге асырылған жобалардың нақты тәжірибесін пайдалану.

Нарық жағдайында жұмыс істей отырып және бәсекеге қабілеттілікті көтерудің қажет екенін ұғына отырып, біз көрсететін қызметтеріміздің сапасын әрдайым жақсартып отыруға үлкен мән береміз. Сапа стандарттарын сақтай отырып, мерзімді барынша қысқарту үшін «MG Engineering инженерлік фирмасы» ЖШС жобалаудағы заманауи технологияларды кең ауқымда пайдаланады.

Көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырып, біз өз қызметтеріміз ұсынылатын нарықты едәуір кеңейттік те, онда белгілі бір тауашаны иелендік. Біздің ынтымақтастығымыздың шекаралары қазір отандық серіктестерді де, шетелдік серіктестерді де қамтиды.

Табысты қызметтің өлшемдері:

  • тапсырыс берушінің біздің қызметтерімізге қызығушылық танытуы;
  • көрсетілетін қызметтердің тізімін анық тұжырымдау;
  • орындалатын жұмыстардың талдау мен жобалаудан бастап нысанды «кілтке дейін» әдісімен тапсыруға дейінгі толық көлемі;
  • мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді мұқият жоспарлау және орындалуын бақылау;
  • жобаны сатыларға бөлу;
  • тапсырыс беруші-серіктеспен жұмыс істеу барысында тығыз өзара әрекеттесу;
  • тапсырыс берушінің үміттерінің нақтылығы және орындылығы;
  • ұжымның әрбір мүшесінің алға қойылған міндеттер мен мақсаттарды анық ұғынуы;
  • еңбекқор, білікті, жұмысты барынша жақсы орындауға бет қойған қызметкерлер.