Қаз Рус Eng
Бас бет Компания туралы Басқару Жобалар Қызмет Сертификаттар және Лицензиялар Байланыстар
  • Икемді саясат пен кез-келген жағдайда тез әрекет ету – біздің ұстанымыз
  • Икемді саясат пен кез-келген жағдайда тез әрекет ету – біздің ұстанымыз
  • Өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің барлық тілектері мен үміттерін қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді
  • Өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің барлық тілектері мен үміттерін қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді
  • Икемді саясат пен кез-келген жағдайда тез әрекет ету – біздің ұстанымыз
  • Өзіміздің тапсырыс берушілеріміздің барлық тілектері мен үміттерін қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді
Қызметтің негізгі бағыттары


Компанияның қызметі мұнай-газ саласының жаңа нысандарының, ғимараттарының және кәсіпорындарының құрылысының, жұмыс істеп тұрған нысандарының, ғимараттарының және кәсіпорындарының қайта құру және жаңғыртуының инженерлік және жобалық жұмыстарының кешенін сапалы түрде орындауға бағытталған.

Компания ынтымақтасуға ашық, Қазақстанда да, одан тысқары жерлерде де мұнай бен газды шығару, дайындау, тасымалдау жобаларын тиімді жүзеге асыру саласындағы кез-келген өзара пайдалы ұсыныстарды қабылдауға дайын.

КЕШЕНДІ ЖОБАЛАУ:

  • мұнай-газ конденсаттық кен орындарын жайластыруды:
    - ұңғымаларды жайластыруды;
    - ұңғыма өнімін кәсіптік жинау жобаларын;
    - өлшеу қондырғыларын;
    - қыртыстық суды бастапқы тастау қондырғыларын;
    - қыртыс қысымын сүйемелдеу жүйелерін;
    - бұталы сорғы және компрессорлық станцияларды;
  • мұнай мен газды тауарлық күйге дейін дайындау нысандарын:
    - мұнай мен газ дайындау қондырғыларын;
    - түсетін өнімді қабылдау және есепке алу қондырғыларын;
    - мұнайды бөлу, соның ішінде газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру
    және демеркаптандыру қондырғыларын;
    - газ тазарту және кептіру қондырғыларын;
    - алдын ала газ дайындау қондырғыларын (АГДҚ);
    - кешенді газ дайындау қондырғыларын (КГДҚ);
    - мұнай мен газды тазартуға ілесе жүретін ерітінділер мен құрауыштарды
    дайындау қондырғыларын;
    - қыртыстық суды тазарту қондырғыларын;
    - технологиялық сорғы және компрессорлық станцияларды;
    - дайын өнімді жинаудың сұйыққоймалық парктерін;
    - дайын өнімді қотаратын сорғы және компрессорлық станцияларды;
  • мұнай мен газ тасымалдау нысандары мен құрылыстарын:
    - кез-келген мақсаттағы магистральдық құбырларды;
    - мұнай мен газдың кәсіптік, технологиялық, үлестіргіш құбырларын;
  • мұнайды, газды және көмірсутек шикізатын өңдеу нысандарын;
  • мұнай өнімдерін сақтау, үлестіру және сату нысандарын;
  • газды сақтау, үлестіру және сату нысандарын;
  • мұнай шығару, құбырлық тасымалдау, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар инфрақұрылымына кіретін басқа да нысандарды;
  • өртке қарсы және электрлік химиялық қорғау жүйелерін;
  • байланыс, электрмен, жылумен, газбен қамтамасыз ету құралдарын, кондиционерлеу жүйелерін және басқа да инженерлік желілерді;
  • технологиялық үрдістер мен нысандарды бақылау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін;
  • қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануының алдын алу, электрмен қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша шараларды.

ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР:

  • техникалық-экономикалық есептеулер;
  • инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелері.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР:

  • мұнай-газ кешенінің қолданыстағы нысандарын олардың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып зерттеу;
  • мұнай-газ кешенінің зерттеліп отырған нысандарын жөндеу, қайта құру және жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

ҚҰРЫЛЫСТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

НОРМАТИВТІК, ШОЛУ-ТАЛДАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ

ИНЖИНИРИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕР:

  • құжаттама дайындау және тендерлер өткізу;
  • бастапқы деректерді алу және рәсімдеу;
  • техникалық шарттарды жасау;
  • құжаттама дайындау және келісулерді орындау;
  • мұнай-газ саласы үшін жабдық жеткізу;
  • құрылысты басқару, мұнай-газ кешенінің, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың жекелеген нысандарын «кілтке дейін» әдісімен жүзеге асыру.